9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Үшарал қаласында «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты тағылымы терең, рухы биік мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Бұл қасиетті күні Отан үшін от кешіп, жанын қиған ерлеріміздің рухына тағзым етіліп, ел басына күн туған сын сағатта жанқиярлық ерлік көрсеткен батырларымыздың есімі тағы бір мәрте ұлықталды. Жеңістің ұлы рухын жаңғыртқан бұл шара – бейбіт өмірдің бағасын ұғындыратын, ұрпақ санасына тарих тағылымын сіңіретін маңызды күн болды.

Іс-шара барысында аудан әкімі А. Абдинов құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерге деген шынайы құрмет пен ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, боздақтардың рухына тағзым жасалды.

Мерекелік бағдарлама аясында ардагерлерге арнайы құрмет көрсетіліп, олардың ерлігі мен ел алдындағы еңбегі ерекше ілтипатпен аталып өтті. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтары үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылып, мерекелік сауда-саттық алаңдары жұмыс істеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Үшарал қаласындағы Д. Қонаев атындағы орталық алаңда өткен бұл мазмұнды іс-шара ел бірлігін, татулық пен ынтымақты айқындап, Ұлы Жеңістің тарихи маңызын тағы бір мәрте ұғындырды.

Бұл күн – ерлік пен елдіктің мәңгілік символына айналған, ұрпақ жадында сақталатын ұлы тағзым күні болып қалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1217039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді