
Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүкенов Абзал Нүкенұлы Әуезов ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Долидуда Егор Степановичті мерекемен құттықтады.
Егор Степанович — Әуезов ауданында тұратын жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері. Оның өмір жолы Отанға адал қызмет пен ерліктен тұрады.
1945 жылдың 9 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында Егор Степанович Жапониямен болған соғысқа қатысып, Маньчжурия мен Солтүстік Кореяны Квантун армиясынан азат етуге атсалысқан. Ерлігі мен Отан алдындағы қызметі үшін «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Соғыстан кейін 30 жылдан астам уақытын өртке қарсы қызмет саласына арнап, ішкі қызмет майоры шенінде мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің басшысы қызметінен зейнетке шыққан.
Кездесу барысында ардагерге ел тыныштығы жолындағы ерлігі мен еңбегі үшін алғыс айтылып, мерекелік сыйлықтар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1217111?lang=kk

Жауап қалдыру