
Бүгін Ұлы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Ақтөбе облысының барлық аудан-қаласында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігі мен есімдерін ұлықтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында өткізілді.
Акция аясында облыс бойынша жалпы саны 4000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде терек, шетен, мойыл, шырша секілді жасыл желектер қала-аудандардың көркін ашпақ. Көшеттер орман шаруашылығы мекемелері мен жеке тәлімбақтардан алынды.
Іс-шараға 7500-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде облыс әкімінің орынбасары Ғ.Елеуов, еріктілер, қоғам белсенділері, жастар, жергілікті тұрғындар, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және орман шаруашылығы саласының мамандары белсенді атсалысты.
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетовтің сөзінше, ағаш отырғызу жұмыстары елді мекендердегі жасыл аймақтардың көлемін арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпаққа Ұлы Жеңістің тарихи маңызын насихаттауға бағытталды.
Мұндай экологиялық әрі тағылымдық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1217071?lang=kk

Жауап қалдыру