
Мәскеудегі ВДНХ аумағындағы Қазақстан павильонында Ресейдегі Қазақстан елшілігі Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Оған Ресей Қорғаныс министрлігінің, ТМД Қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының, ҰҚШҰ, «Рособоронэкспорт» ұйымының өкілдері және Мәскеуде аккредиттелген шетелдік әскери-дипломатиялық корпус қатысты.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Қарулы күштері қалыптасу, нығаю және жаңғыру жолынан өтіп, ынтымақтастық пен бейбіт өмір сүру идеяларын ілгерілетуші күш ретінде танылғанын атап өтті.
Қазақстан Қорғаныс министрлігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі атташесі генерал-лейтенант Талғат Қойбақов ҚР Қарулы күштерінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы айтып, қонақтарға сындарлы ынтымақтастық пен қолдаулары үшін алғыс білдірді.
Өз кезегінде Ресей Қорғаныс министрлігі Халықаралық әскери ынтымақтастық жөніндегі бас басқармасы бастығының орынбасары генерал-майор Виктор Шевцов қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Қазақстанның әрдайым тату көрші, сенімді одақтас әрі берік серіктес болып қала беретінін тілге тиек етті.
Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері орындаған әскери-патриоттық әндер мен Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы камералық хорының өнері ерекше сән берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1217066?lang=kk

Жауап қалдыру