
9 мамыр – Жеңіс күніне орай Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ерлігі, қайсарлығы мен жанқиярлығы арқылы шынайы отансүйгіштіктің және елге адал қызмет етудің биік үлгісін көрсеткен ардагерлерге тағзым етті.
Салтанатты рәсімге тыл ардагерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, әскери қызметшілер мен қала тұрғындары қатысты.
Еске алу шарасынан кейін Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері Ольга Платоновна Заривняктың шаңырағына барып, Мемлекет басшысының атынан құттықтауын жеткізді.
Облыс әкімі ардагермен кездесуде оның соғыс жылдарындағы ерлігі мен қайсар рухына шынайы ризашылығын білдірді.
– Сіздің ерлігіңіз – келер ұрпақ үшін баға жетпес мұра. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығының арқасында біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүріп, еліміздің тәуелсіздігін нығайтып келеміз. Сіздің өмір жолыңыз – өскелең ұрпаққа үлгі боларлық шынайы ерлік пен Отанға адалдықтың символы. Жаныңыз әрдайым жақындарыңыздың қамқорлығында, шаңырағыңыз береке мен шаттыққа толы болсын, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Биыл Ольга Платоновна Заривняк 99 жасқа толады. Ол соғыс жылдарында Беларусь аумағындағы партизандық қозғалысқа қатысып, байланысшы қызметін атқарған.
Жеңімпаз ұрпақтың ерлігі туралы естелік мәңгілік рухтың мызғымас күші, бірлік пен өз еліне адалдықтың символы ретінде сақталады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1217088?lang=kk

Жауап қалдыру