
Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мади Атамқұлов Халықаралық қатынастар және тұрақты даму орталығының (CIRSD) президенті Вук Еремичпен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан дипломаты серб сарапшысына ағымдағы жылдың 29 мамырында Астанада өтетін «Еуразиядағы тұрақты даму» халықаралық конференциясына қатысуға шақыруды табыстады.
В.Еремич Қазақстан мен Сербия арасындағы әріптестіктің қарқынды дамуын жоғары бағалап, сондай-ақ, Қазақстан мен жалпы Орталық Азия өңірінің көпполярлы әлемдегі маңызды тірек ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Осы тұрғыда ол мемлекет басшысы ретінде көрнекті дипломаттың болуы Қазақстанның айрықша артықшылығы екенін айтты.
Тараптар екі елдің тұрақты даму саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, Елшілік пен Халықаралық қатынастар және тұрақты даму орталығы арасындағы әріптестікті тереңдету бойынша нақты жоспарларды белгіледі. Сондай-ақ, Қазақстан тарапының Орталық ұйымдастыратын халықаралық конференцияларға қатысу мәселесі қарастырылды.
Вук Еремич – серб дипломаты, Сербияның бұрынғы Сыртқы істер министрі (2007–2012 жж.), БҰҰ Бас Ассамблеясының бұрынғы төрағасы (2012–2013 жж.).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/1216995?lang=kk

Жауап қалдыру