Қазақстан Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Жеңіске үлес қосқан азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын дәйекті түрде жүзеге асыруды жалғастыруда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҰОС ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, қаза тапқан әскери қызметшілердің жесірлерін және соғыс салдарынан мүгедектік алған адамдарды қоса алғанда, шамамен 32,9 мың азаматқа біржолғы төлемдер жасау үшін 3,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Қазіргі уақытта елімізде 57 Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Олардың әрқайсысына тұрғылықты өңіріне қарамастан 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік қолдау шараларымен қатар, Қазақстанда тарихи жадты сақтау, жеңімпаз ұрпақтың ерлігі мен жанқиярлығына құрмет көрсету мәселесіне ерекше мән беріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, ардагерлерге құрметпен қарау және Жеңістің тарихи мұрасын сақтау мемлекеттік саясат пен қоғамдық сананың маңызды бөлігі болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-erevan/press/news/details/1217069?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді