ТЫЛ АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔱 Бүгін 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей тыл ардагері Кембіл Айжанбек Тұрлыбекұлының шаңырағына арнайы барып мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.

🔱 Кембіл Айжанбек Тұрлыбекұлы 1932 жылы Сарыағаш ауданына қарасты Келес ауылында дүниеге келген. 1935 жылы отбасы Боген ауылына қоныс аударған. Соғыс жылдарында ауыл шаруашылығында еңбек етіп, әкесіне қолғабыс болған. Соғыс аяқталған соң әскер қатарына шақырылып, азаматтық борышын өтеген.

🔱 1957 жылы Арқа қаласында темір жол саласында еңбек жолын бастап, сол жылы отбасын құрған. Бүгінде 4 ұл мен бір қыздан тараған 10 немере, 14 шөбере сүйіп отырған ардақты қария.

🔱 1970 жылы Темірлан ауылына қоныс аударып, ПМК мекемесінде ұзақ жылдар еңбек еткен. Автогрейдер техникасын меңгеріп, кейін ПМК мекемесінде бас жабдықтаушы қызметін абыроймен атқарған. Сонымен қатар, Бөген ауылындағы қойма құрылысына өз үлесін қосқан.

🔱 Кездесу барысында қарияның ел дамуына сіңірген еңбегі мен өнегелі ғұмыр жолы ерекше аталып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды. Ардагерге сый-сияпат табысталып, жас ұрпаққа үлгі болатын еңбек жолы үшін алғыс білдірілді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1217013?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді