Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Әуезов ауданында ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін және жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан азаматтарды құттықтап, оларға құрмет көрстілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай Әуезов ауданында ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін және жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан азаматтарды құттықтап, оларға құрмет көрстілуде.

Бүгінде Әуезов ауданында 4 соғыс ардагері тұрады. Олар — ерлік пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі.

Олардың қатарында:

Долидуда Егор Степанович, 1927 жылы туған. «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1945 жылдың 9 тамызы мен 3 қыркүйегі аралығында Жапониямен болған соғысқа қатысып, Маньчжурия мен Солтүстік Кореяны Квантун армиясынан азат етуге атсалысқан. Ішкі қызмет майоры. 1951 жылдың сәуір айынан 1982 жылдың желтоқсанына дейін Төтенше жағдайлар қызметі саласында еңбек еткен. Бірқатар мерейтойлық медальдардың иегері.

Пузанов Анатолий Петрович — «Мемлекеттік шекараны күзетудегі үздігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Жалаңашкөл көлі маңындағы мемлекеттік шекараны бұзушыларды жою бойынша әскери іс-қимылдарға қатысқан. 1979–1989 жылдары аралығында бірнеше рет Ауғанстанға іссапармен барған. Мерейтойлық наградалары бар.

Мешелов Нұрмұхан Нұрғазиевич — 1969 жылғы Даманск қақтығыстарының қатысушысы. Мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Дзюбин Анатолий Артемович — Кеңес Одағы мен Қытай шекарасындағы Уссури өзеніндегі Даманск аралын қорғау кезінде әскери қызмет атқарған. Мерейтойлық медальдардың иегері.

Сонымен қатар мереке қарсаңында Әуезов ауданының колледждері мен мектептері 900-ден астам тыл еңбеккерін құттықтап, арнайы кездесулер мен мерекелік шаралар ұйымдастырды.

Ардагерлерді ардақтау мақсатында ұйымдастырылып жатқан шаралар – бейбіт өмір сыйлаған аға буынға деген құрметтің жарқын көрінісі. Олардың ерлігі мен жанқиярлығы кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1217123?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді