
Ақмола облысының Жарқайың ауданында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Сақмолдин Саят Сарқытбайұлының, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Балпан Мұрат Сағатұлының, Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының басшысы Елтай Хамиджанұлының, сондай-ақ аумақтық инспекциялар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен аса қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы күрес мәселелері бойынша көшпелі жедел штаб өтті.
Іс-шара барысында фитосанитариялық ахуал, мамандандырылған техниканың дайындығы, мониторинг жүргізу және қорғау іс-шараларын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ бүрку техникасының жұмысы көрсетіліп, қызметтердің жедел әрекет етуге дайындығы таныстырылды.
Ерекше назар ведомствоаралық өзара іс-қимылға, зиянкестер ошақтарын уақтылы анықтауға және ауыл шаруашылығы дақылдарының фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/agroindust/press/news/details/1217232?lang=kk

Жауап қалдыру