
Дзюдодан Астанадағы Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қоржынымызға екінші алтын жүлде түсті.
100 келідегі Марат Байқамұров финалдық белдесуде Молдова өкілі Вадим Жимбовчиды шидо ұпайымен жеңді.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
✅1/16 финал. Михейли Бекаури (Қырғызстан)
✅1/8 финал. Мичал Жедрежевски (Польша)
✅1/4 финал. Симеон Казарина (Нидерланд)
✅1/2 финал. Майкл Коррел (Нидерланд)
Айта кетейік, отандасымыз өткен жылы осы турнирдің қола жүлдесіне иелік еткен.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1217241?lang=kk

Жауап қалдыру