Отан қорғаушылар күніне орай сотталған азаматтарға облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №9 мекемесінде сотталған азаматтарға облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сотталғандар Ақтөбе өңірінің тарихымен, халқымыздың мәдени мұрасымен және әр кезеңді қамтитын музей жәдігерлерімен танысты. Әсіресе Қазақстан тарихы мен өңірдің танымал тұлғаларына арналған бөлімдер қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Мұндай мәдени-танымдық шаралар сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, ел тарихы мен мәдениетіне деген құрметін арттыруға, сондай-ақ әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізеді.

Экскурсия соңында сотталғандар мекеме әкімшілігі мен музей қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, танымдық шарадан жақсы әсер алғандарын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1217179?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді