ҚАНДЫАҒАШТА ЖЕҢІС КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 мамыр – Жеңіс күні Қандыағаш қаласында орналасқан қазақтың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың құрметіне қойылған ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды.

Іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов бастаған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер және қала жұртшылығы ескерткіш алдында тағзым етті. Соғыста құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мерекеге жиналған тұрғындарды аудан әкімі Дархан Ермағанбетов Жеңістің 81 жылдық мерекесімен құттықтады.

Мерекеге орай аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған кең байтақ қазақ даласын суреттейтін театрландырылған көрініс көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/press/news/details/1217190?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді