Құрметті Алтай ауданының тұрғындары! Сіздерді ең бір жүрекке жылы мереке Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ана – махаббаттың, жылулықтың, даналықтың және рухани күш-қуаттың көзі. Адамға өмір бойы серік болатын, қиындықтарды жеңуге, игі істер мен жетістіктерге шабыттандыратын – ананың қамқорлығы.
Аналар барлық уақытта отбасы ошағының, адамгершілік құндылықтардың және рухани дәстүрлердің қамқоршысы болып қала береді. Сіздердің шыдамдылықтарыңыздың, мейірімділіктеріңіз бен адалдықтарыңыздың арқасында лайықты ұрпақ тәрбиеленіп, отбасылар нығайып, қоғамымыз дамып келеді.
Көп балалы аналарға, батыр аналарға, бала тәрбиелеп отырған әйелдерге және ауданның барлық аналарына күнделікті жұмыстарыңыз, қамқорлықтарыңыз және шексіз махаббаттарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, молшылық, тыныштық, отбасылық жылулық тілеймін, әр күндеріңіз балаларыңыздың қуанышына толы болсын. Әрбір үйде махаббат, түсіністік және жайлылық орнасын!

Алтай ауданының әкімі Ренат Курмамбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1217227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді