Сотталғандардың өміріндегі кітап: Кітап күніне арналған іс-шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №9 мекемесі «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ 23 сәуір – «Ұлттық кітап күніне» орай «Шектеусіз оқу» жобасы аясында іс-шара ұйымдастырды.

Аталған жоба сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік және профилактикалық жұмыстың маңызды бағыты ретінде қарастырылып, олардың өмірлік құндылықтарын қалыптастыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және босатылғаннан кейін қоғамға сәтті бейімделуіне ықпал етуді көздейді.

Іс-шара барысында кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның тұлғаның рухани дамуына тигізетін әсері кеңінен талқыланды. Қатысушылар көркем әдебиеттерден үзінділер оқып, өзара пікір алмасып, оқыған шығармалары бойынша ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері тарапынан түрлі тақырыптағы кітап көрмесі ұсынылып, оқырмандарға әдебиеттерді дұрыс таңдау бойынша кеңестер берілді.

Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің қызығушылықтары мен көзқарастарын білдірді. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың рухани дүниесін байытуға және заңға бағынатын өмір салтын қалыптастыруға оң әсер етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1217202?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді