Танысу сапары – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың бір бөлігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №9 мекемесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктік полиция департаментінің 2026–2027 жылдарға арналған ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған жоспар аясында Көліктегі полиция департаментіне қарасты Ақтөбе станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері №9 мекемеге арнайы экскурсиямен келді. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту, сондай-ақ пенитенциарлық жүйенің жұмысымен таныстыру болды.

Экскурсия барысында келген қонақтарға мекеменің қызметі, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстар, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары кеңінен таныстырылды. Қызметкерлер мекеме аумағын аралап, күнделікті жұмыс барысымен, режим талаптарының сақталу ерекшеліктерімен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1217195?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді