
Ұлы Жеңіс күніне орай Даңқ обелискісінде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сакиткерей Баймағамбетов қатысты.
Салтанатты шара барысында соғыс даласынан оралмаған жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, олардың ерлігі бір минут үнсіздікпен еске алынды. Сонымен қатар, департамент қызметкерлері, ардагерлер, қоғам өкілдері мен жастар мемориалға гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына құрмет көрсетті.
Ардагерлердің ерлігі, отансүйгіштігі мен жанқиярлығы — келер ұрпақ үшін әрдайым үлгі. Осындай тағылымды іс-шаралар тарихи жадымызды жаңғыртып, бейбіт өмір мен бірліктің қадірін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1217174?lang=kk

Жауап қалдыру