
Абай облысы Ақсуат ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Әділет Бауыржанов пен Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дархан Сейтолда Көкжыра ауылындағы М.Әуезов атындағы орта мектепте 150-ге жуық ата-ана мен оқушылар қатысқан маңызды кездесу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында қатысушыларға заманауи қауіп-қатерлер мен олардың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді. Арнайы назар буллинг мәселесіне, мотоцикл және мопедтерді қауіпсіз пайдалану ережелеріне, лудомания мен интернет-алаяқтыққа аударылды. Сонымен қатар, жасөспірімдердің түнгі уақытта бейсауат жүруінің алдын алу шаралары нақты мысалдармен көрсетілді.
Ата-аналар өзекті сұрақтарын қойып, құқық қорғау органдарының мамандарынан нақты және толық жауап алды. Кездесу барысында әрбір ұсынылған кеңес практикалық мәнге ие болды: ата-аналарға балаларын интернеттегі қауіптерден қалай қорғау керегін, қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін, сондай-ақ өздерін және достарын қауіпті жағдайдан қалай сақтап қалу жолдарын түсіндірді.
Әділет Бауыржанов пен Дархан Сейтолда кәмелетке толмағандардың құқықтық тәрбиесінің тек мектептің емес, отбасының да жауапкершілігінде екенін атап өтті. Полиция қызметкерлері заңнамадағы соңғы жаңалықтарды, әкімшілік жауапкершілікті және құқық бұзушылықты дер кезінде анықтаудың жолдарын нақты мысалдармен жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1217303?lang=kk

Жауап қалдыру