Абай облысында «Арлан» жауынгерлері жаңа арнайы автокөліктерге ие болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің құрылған күніне орай Абай облысы Полиция департаментінің элиталық арнайы жасағының қызметкерлері жедел-қызметтік міндеттерді орындауға арналған жаңа қызметтік автокөліктермен қамтамасыз етілді.

🚔Арнайы техниканың кілттерін жауынгерлерге Абай облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Елдар Данияров табыстады. Департамент басшысы жеке құрамды кәсіби мерекемен құттықтап, арнайы бөлім қызметкерлерінің жоғары дайындық деңгейін, батылдығы мен қызметке адалдығын атап өтті.

1998 жылғы 11 мамырда «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің алғашқы жауынгерлері жауынгерлік кезекшілікке кіріскен болатын.

Қызмет еткен жылдар ішінде бұл бөлімше Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі ең даярлығы жоғары әрі мобильді күштердің біріне айналып, аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау, кепілге алынғандарды босату, қарулы шабуылдардың жолын кесу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындап келеді.

Бүгінде «Арлан» жауынгерлері шешімділіктің, күш-қайраттың және кәсібиліктің символы ретінде Заң мен Тәртіп күзетінде күн сайын қызмет атқаруда.

✅Жаңа техника арнайы операцияларды орындау кезінде жеделділікті, жедел әрекет етуді және тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1217319?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді