Ақтөбеде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған заманауи балабақша құрылысы жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Құрылыс мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүргізілуде. Бұл әртүрлі даму ерекшеліктері бар балаларға жеке блоктары қарастырылған бірегей мектепке дейінгі білім беру орталығы болады.

Облыс әкімі Асхат Шахаров әлеуметтік нысанның құрылыс барысын тексерді.

Бүгінгі таңда нысан 60%-ға дайын. Терезелері орнатылып, сыртқы және ішкі қабырғалары қаланды, сыртқы инженерлік желілері тартылған. Қазіргі уақытта қасбетті әрлеу, ішкі әрлеу жұмыстары және аумақты абаттандыру жүргізілуде. Бас мердігер — «Казстройподряд» ЖШС.

Мектепке дейінгі мекеменің құрылысы 2025 жылдың сәуір айында басталған. Нысанды 2026 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 7.4 млрд теңге.

Жаңа арнайы балабақша 300 орындық және өңірдегі осындай ірі нысандардың біріне айналады.

Ғимарат орталық атриумы мен қысқы бағы бар өткелдер арқылы жалғасқан бірнеше екі қабатты блоктан тұрады. Жобада тірек-қимыл аппараты, көру, есту және сөйлеу қабілеті, сондай-ақ интеллекті бұзылған балаларға арналған жеке блоктар қарастырылған.

Топтық бөлмелерден бөлек, балабақшада медициналық блок, бассейн, акт залы, ас блогы, әкімшілік кабинеттер және түзету жұмыстарына арналған арнайы кабинеттер орналастырылады. Сондай-ақ, кедергісіз орта қалыптастыру мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген.

Облыс әкімі нысан құрылысын сапалы әрі уақытында аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Ерекше балаларға қолайлы жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі. Балабақша заманауи талаптарға сай болып, қауіпсіз, ыңғайлы және балалар мен ата-аналар үшін қолжетімді болуы тиіс», – деді өңір басшысы.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған сапалы мектепке дейінгі және түзету білімінің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1217294?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді