Мереке күндері Абай облысының трассаларында қауіпсіздік бақылауы күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысы аумағында мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілген режимде ұйымдастырылды. Бұл ретте тек қала ішіндегі көшелер ғана емес, қала сыртындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар да ерекше бақылауға алынды.

🚔Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәулік бойы трассаларда қызмет атқарып, жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін қадағалады. Әсіресе ұзақ жолға шыққан азаматтардың қауіпсіздігіне басымдық беріліп, көлік құралдарының техникалық жағдайы, жүргізушілердің құжаттары мен жолда жүру мәдениеті тексерілді. Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолда жылдамдықты шектен асырмау, шаршаған жағдайда рөлге отырмау, қауіпсіздік белдігін тағу және қарсы бағытқа шықпау сынды маңызды талаптарды еске салды.

🚨Мереке күндері жол қозғалысының қарқыны арта түсетіні белгілі. Осыған байланысты тәртіп сақшылары жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, жүргізушілерге көмек көрсету жұмыстарын да назардан тыс қалдырмады.

👮‍♂️Полиция қызметкерлері азаматтарды жолда барынша мұқият болуға, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады. Себебі жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік — баршаға ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1217311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді