Туляремиядан өзіңді қалай сақтауға болады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ең тиімді шара – бұл 5 жыл бойы аурудан қорғайтын алдын алу екпелерін жасау.

Қансорғыш жәндіктер мен кенелерден қорғану үшін жеке қорғаныш заттарын – репелленттер, қорғаныш жамылғы, торды пайдалану керек.

Үй-жайда кеміргіштер пайда болған кезде оларды жоюға бағытталған шараларды қолдану қажет. Аулалардың және бақша учаскелерінің тазалығын қатаң сақтау керек, аумақтың ластануына жол бермеу, қоқыс пен азық-түлік қалдықтарын тығыз жабылатын қақпақтары бар қоқыс жинайтын жәшіктерде, қатаң белгіленген орындарда сақтау қажет.

Азық-түлік өнімдерін кеміргіштер енбейтін орындарда, суды жабық ыдыста сақтаған жөн. Кеміргіштерден қалған іздері бар өнімдерді пайдаланбау, сондай-ақ кеміргіштер зақымдаған (кемірулер, қидың болуы) саңырауқұлақтарды жинамау. Ішу үшін қайнаған суды пайдаланыңыз.

Сонымен қатар, ауа-шаң жолымен жұқтыруды болдырмау үшін, шаң жұмыстарын жеке қорғаныш құралдары – респиратор, қолғапты пайдалана отырып, жүргізу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1217324?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді