«Үздік өнер жұлдызы»: ақтаулық оқушы республикалық байқауда жеңіске жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Үздік өнер жұлдызы»: ақтаулық оқушы республикалық байқауда жеңіске жетті

Ақтау қаласындағы С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Алихан Жәнібекұлы республикалық «Ұлы дала дарыны» байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, «Үздік өнер жұлдызы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Республикалық шығармашылық байқау ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, жас ұрпақ арасында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты идеялық-тәлімдік құндылықтарды кеңінен насихаттауды мақсат етті.

Байқауда Алихан Жәнібекұлы аспапта ойнау бағыты бойынша өнер көрсетіп, өзінің шығармашылық шеберлігі мен орындаушылық қабілетін жоғары деңгейде дәлелдеді. Жас өнерпаздың жетекшісі Жазира Айтымова да «Үздік жетекші» номинациясымен марапатталды.

Байқауға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Қатысушылар көркемсөз, вокал, хореография, бейнелеу өнері және қолөнер, сондай-ақ аспапта ойнау бағыттары бойынша бақ сынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-uvp/press/news/details/1217277?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді