Бүгін «Атамекен» Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасымен бекітілген «Түркістан облысының аумағында орналасқан дәріхананың фармацевтикалық қызметінің кәсіпкерлері үшін “дәрілік заттарды рецепт бойынша босату” мәселесі бойынша семинарлар өткізу кестесіне» сәйкес қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелері бойынша Департаментпен бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өтті.
Кездесуге “ОҚО Даму фармацевтикалық және медициналық ұйымдары қауымдастығының” директоры Х.Д.Альжанова, Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Р.М.Абдуллаев, Түркістан облысы Атамекен кәсіпкерлер палатасының “Адами капиталды дамыту” бөлімінің 1-санатты сарапшысы Абданқұл Гүлдана Жарылқасынқызы және Сауран ауданында және Кентау, Түркістан қалаларында орналасқан дәріхана иелері қатысты.
Жиын барысында жауапты мамандар тарапынан жұмыс берушілердің міндеттері, сақтандыру шарттарын жасасу тәртібі, сондай-ақ жазатайым жағдай орын алған кезде төленетін сақтандыру төлемдері туралы кеңінен түсіндірілді.
Жауап қалдыру