
Шымкент қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Б.Тлеулов М. Әуезов атындағы ОҚУ студенттеріне арнап «Адвокаттық зерттеу: дәлелдемелерді жинау мен ұсынудың тиімді тәсілдері» тақырыбында дәріс оқыды.
Университет қабырғасында алған теориялық білімді практикамен ұштастыру нағыз маман болудың алғашқы баспалдағы. Дәріс барысында студенттер:
- Нақты кейстермен танысты;
- Қорғау тактикасының қыр-сырын білді;
- Адвокаттық мамандықтың ішкі «асханасына» бойлады.
Лектор болашақ мамандарға дәлелдемелерді іздеудің заманауи әдістері мен сот процесіндегі дәлелдеу жүктемесінің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Студенттер практик маманнан тікелей сұрақтарына жауап алып, кәсіби тәжірибемен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1218186?lang=kk

Жауап қалдыру