
2026 жылы 4-5 мамыр күндері «Отан қорғаушылар күніне» орай Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде кәсіподақтың қолдауымен үстел теннисі мен шахматтан спорттық іс-шаралар өтті. Жарыстарға Агенттік пен Атомдық бақылау мен қадағалау комитетінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге салтанатты жағдайда марапаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Үстел теннисі бойынша жарыстың жеңімпаздары – Бақтияр С.Б., Джансейтов Д.М., Ергашов А.М.
Шахмат жарысында үздік деп танылғандар – Чамойев Р.Е., Калдаров О.К., Здоровец М.В.
Агенттікте спорттық жарыстар жүйелі түрде өткізіліп тұрады, бұған дейін наурыз айында армрестлингтен жарыстар өткен болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1217893?lang=kk

Жауап қалдыру