Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының ауданның учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының (бұдан әрі – Конституциялық Заң) 10-бабы және «№3,9,10 округтік сайлау комиссияларының №№ 96,98,99,102,113,114,120,127,780,799 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін міндеттерінен босату туралы» 2026 жылғы 12 мамырдағы №28/55 Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Ақөл аудандық мәслихаты келесі учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы хабарлайды:
Округтік сайлау комиссиялары: №3,№9,№10
Учаскелік сайлау комиссиялары: № 96, №98, №99, №102, №113, №114, №120, №127, №780, №799;
Сайлау комиссиясының құрамында барлығы 16 (он алты) бос орын бар.
Осыған байланысты, саяси партиялардан немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерден және Қазақстан Республикасының қалыптастырыушы сайлау комиссияларына қатысты жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныстар Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 102 мекенжайы бойынша 2026 жылғы 12 мамырдан бастап 26 мамырға дейін қабылданады.
Жауапты тұлға – Жұлдызай Мендыбайқызы Балғожина, қызметтік телефон нөмірі 8 (716-38) 20333, электронды пошта мекен-жайы – maslihat_akkol@mail.ru
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы партияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 12 мамырдан 26 мамырға дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі);
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, Орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 26 мамырға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жүзеге асырылады, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aqqol/press/news/details/1218063?lang=kk

Жауап қалдыру