Ақтауда «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ желісі бойынша сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады.

📅 Өтінім қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 12 мамыр – 25 мамыр сағат 17:00-ге дейін (қоса алғанда).

📍 Құжат қабылдау мекенжайы:
Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, №72 ғимарат, «Азаматтарды қабылдау орталығы».

❗ Бағдарламаға Ақтау қаласы бойынша «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастар қатыса алады.

📌 Бағдарлама шарттары:
• Тұрғын үй түрі – сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
• Жалға беру мерзімі – 20 жылға дейін;
• Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 3,1 %;
• Бастапқы жарна талап етілмейді;
• Жалға алу құны – 1 ш.м. үшін 2 490 теңге;
• Қалдық құны бойынша мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі қарастырылған;
• Жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді.

🏢 Тұрғын үйлердің орналасуы:
Ақтау қаласы, 29А шағын аудан, №170, 171, 172, 173 үйлер (“Adal Town” ТҮК).

🏘 Пәтерлер саны – 86:
• 1 бөлмелі – 46;
• 2 бөлмелі – 17;
• 3 бөлмелі – 23.

💳 Ай сайынғы төлем мөлшері:
• 1 бөлмелі пәтер – 92 885 теңгеден бастап;
• 2 бөлмелі пәтер – 150 908 теңгеден бастап;
• 3 бөлмелі пәтер – 210 176 теңгеден бастап.

📞 Байланыс телефондары:
8 775 363 33 30
+7 (7172) 79-75-75
(ішкі нөмірлер: 2791, 2789, 2783, 2786)

☎️ Жедел желі: 8 (800) 080-44-48

🌐 Толығырақ:
Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы

📌 Өтінім беру «Азаматтарды қабылдау орталығында» сағат 17:00-ге дейін жүзеге асырылады. Қатысу үшін үміткерлер арнайы сауалнама толтыруы қажет.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1217746?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді