
Ардагерге құрмет – ұрпаққа үлгі
Ауылдық округ әкімі Елдос Газизов Құрмансай ауылының тұрғыны, тыл ардагері Лобода Зинаида Корнеевнаны Жеңіс күнімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Зинаида Корнеевна 1937 жылы дүниеге келген. Соғыс жылдарындағы ауыр кезеңді бастан өткеріп, ел дамуына өз үлесін қосқан ардақты жан.
Бүгінгі таңда ұлымен бірге Құрмансай ауылында тұрып жатыр.
Ардагерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Ерлігі мен еңбегі әрқашан ел жадында сақталады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk-kurmansay/press/news/details/1217895?lang=kk

Жауап қалдыру