
Құрметті Алға ауданының тұрғындары, қадірлі жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ерлік пен қайсарлықтың, батылдық пен бірліктің мәңгілік символы. Жеңіс күні – елге деген сүйіспеншіліктің, Отанға адал қызмет етудің айқын көрінісі болып қала береді. Осындай тағылымы мол мереке бізге бейбіт өмірдің, татулық пен тұрақтылықтың қадірін терең ұғындырады.
Бүгінгі тыныш тіршілік пен жарқын болашақ – бәріміз үшін ең қымбат құндылық. Сондықтан ел ішіндегі бірлік пен өзара сыйластық әрдайым нығая берсін.
Осы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, амандық, шаңырақтарыңызға құт-береке, бақ-дәулет тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік орнап, әр отбасы шаттық пен қуанышқа бөлене берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1218341?lang=kk

Жауап қалдыру