Аусыл туралы не білу керек?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аусыл — жануарлардың жіті вирустық ауруы. Ол негізінен ірі қара малды, шошқаны, ешкі мен қойды зақымдайды. Инфекция көзі — сілекейі, сүті, зәрі және ішек құрамымен вирус бөлетін ауру жануарлар.

Жануарлар жайылымда, суаттарда, қораларда жанасу арқылы, сондай-ақ күтім құралдары, жем-шөп, су, төсеніш және қызметкерлердің киімі арқылы жұқтырады.

Адам ауру жануарларды күту кезінде, жұқтырылған заттармен байланыс жасағанда, сондай-ақ ауру малдан алынған шикі сүт пен сүт өнімдерін тұтынғанда жұқтыруы мүмкін. Ауру адамнан адамға берілмейді.

Алдын алу үшін мыналар қажет:

  • тек қайнатылған немесе пастерленген сүтті пайдалану;
  • қолайсыз шаруашылықтардан алынған шикі ет пен сүт өнімдерін қолданбау;
  • жануарларды күту кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау;
  • арнайы киім пайдаланып, оны үнемі залалсыздандыру;
  • етті тек ветеринариялық-санитариялық таңбасы болған жағдайда ғана сатып алу.

Аусылдың алдын алуда фермаларда, мал сою орындарында және өнім өңдеу кәсіпорындарында санитариялық-ветеринариялық бақылау жүргізу, сондай-ақ жануарларды вакцинациялау маңызды рөл атқарады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1217901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді