Биыл Атырауда 500 орындық екі емхана ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаладағы Өркен және Нұрсая шағынаудандарында салынып жатқан медициналық нысандардың әрқайсысы бір ауысымда 250 адамды қабылдауға қауқарлы.

Бүгін құрылысы аяқтала келген осы нысандарға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев арнайы барып, медициналық жабдықтарды жеткізу және орнату мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа емханалар кең ауқымды медициналық қызмет көрсетеді. Мұнда терапевт, педиатр және жалпы тәжірибелік дәрігер кабинеттерімен қатар кардиолог, невропатолог, эндокринолог, офтальмолог, отоларинголог, хирург, травматолог, уролог, гинеколог, дерматовенеролог және инфекционист кабинеттері жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар екі емханада заманауи диагностикалық бөлімдер қарастырылған.

Бұдан бөлек, әкім орынбасары аралау барысында жедел жәрдем станциясы мен радиология корпусының сондай-ақ, облыстық аурухананың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Нысандардағы жұмысты жеделдету мәселесі талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді.

Жалпы, аталған жобалар өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсартып, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1218225?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді