Орал қаласы пробация қызметі бастықтарының қатысуымен қорытынды кеңес өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Достық үйі ғимаратында БҚО бойынша ҚАЖД бастығының, пробация қызметіне басшылық жасау бөлімінің қызметкерлерінің, сондай-ақ аумақтық пробация қызметтері мен Орал қаласы пробация қызметі бастықтарының қатысуымен қорытынды кеңес өтті.
Кеңес барысында 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы аумақтық пробация қызметтерінің жұмысы қорытындыланды. Қатысушылар негізгі қызмет бағыттары бойынша есептер ұсынып, оның ішінде есепте тұрған тұлғаларды іздестіру жұмыстарының нәтижелері, анықталған құқық бұзушылықтар саны, жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы жолданған материалдар, қайталама құқық бұзушылықтар жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға көрсетілген әлеуметтік-құқықтық көмек саны туралы ақпарат берілді.
Ерекше назар есепте тұрған тұлғалармен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында бақылауды күшейту мәселелеріне аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша алдағы міндеттер айқындалып, пробация қызметі қызметкерлерінің қызметтік жұмыс сапасын арттыруға бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ps/press/news/details/1217921?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді