Петропавл қ. колледждерінің оқушыларымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Петропавл қ. колледждерінің оқушыларымен профилактикалық кездесу өтті.

2026 жылғы 12 мамырда прокуратура, полиция, ҚАЖ қызметкерлері оқушылармен құқықтық жауапкершілік, қылмыстың алдын алу мәселелерін талқылады.

Студенттерге алаяқтық, бұзақылық және есірткі сатудың салдары туралы айтылып, «Закладчики. Расплата» документальды фильмінен үзінділер көрсетілді, сондай-ақ тікелей эфирд барысында қылмыстың салдары мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған дұрыс өмірлік шешімдер қабылдаудың маңыздылығы туралы жеке мысалдарды қолдана отырып  сотталғандармен телекөпір  ұйымдастырылған.

Атақты спортшы Дмитрий Динер жастарды өзіне сенуге, «жеңіл ақшадан аулақ болуға және өмірде адал жолмен жүруге  шақырды.

Іс-шараға 300 студент қатысты.  Кездесу  ашық және жылы атмосферада өтіп, студенттер арасында қызу пікір  тудырды.

#Заң мен тәртіп

 Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1218027?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді