Қарсыбаев Арман Романұлы – Елдік пен ерлікті ұлықтаған мерекеде қарияларымызға құрмет көрсетті!!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Ұлт рухын ұлықтап, елдік пен ерліктің қадірін арттыратын мерекелі күндер қарсаңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ардақты қарияларымыз — Тәңірберген Ағманов пен Аман Жахан Өскенбайұлы отбасыларына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы ел игілігі жолындағы еселі еңбектері мен өнегелі өмір жолдарына ерекше тоқталып, аға буынның адал еңбегі мен парасатты ғұмыры кейінгі ұрпаққа қашанда үлгі екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет пен қоғамның дамуына қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғыс білдіріп, мерекелік құттықтау хаттары мен сый-сияпаттар табыстады.
Ардагерлерге көрсетілген бұл құрмет — ұрпақтар сабақтастығының, ел ағаларын ардақтау дәстүрінің айқын көрінісі. Ел бірлігі мен ынтымағын нығайту жолында еңбек еткен азаматтарға тағзым ету — баршамызға ортақ парыз.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі!!!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1218085?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді