Қазақстан мен Наровал университеті білім беру және конфессияаралық диалог саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Исламабад, 2026 жылғы 12 мамыр – Ержан Қыстафин Наровал университетінің вице-канцлері, проф. д-р Мұхаммад Зиа уль-Хақпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші Е.Қыстафин Пәкістанның Жоспарлау, даму және арнайы бастамалар жөніндегі федералдық министрі Ахсан Икбал  бастамашылық еткен және биылғы 5-6 мамыр күндері Наровал университетінде өткен ІІ Наровал бейбітшілік диалогының табысты өтуімен вице-канцлерді құттықтады.

Өз кезегінде вице-канцлер Мұхаммад Зиа уль-Хақ Елшіге іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдіріп, Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының Басқарма төрағасы Гульсана Кожабай бастаған қазақстандық делегацияның белсенді рөлін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар академиялық байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен Пәкістанның оқу орындары басшыларының өзара сапарларын ұйымдастыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша биыл Пәкістан делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1218383?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді