Қостанай қаласында мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компания қызметкерлері арасында шахмат турнирі өтті.
Жарысқа барлығы 57 шахматшы қатысты: 43 мемлекеттік қызметші және 14 ұлттық компания өкілі.
Турнирдің ашылуында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Аслан Есблатұлы Ембергенов және Қостанай облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы Серік Шотбайұлы Манасбаев құттықтау сөз сөйледі.
Турнир жылы әрі достық атмосферада өтті. Ерекше сәттердің бірі – сол күні туған күнін атап өткен мемлекеттік қызметші Ермек Ельмұхамбетовтің шахмат тақтасы басына отырып, мерекесін зияткерлік тартыста өткізуді таңдауы болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1218426?lang=kk

Жауап қалдыру