Сіздерді мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтілетін – Аналар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана – тіршіліктің бастауы, отбасының берекесі мен ырысы, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен шексіз махаббаттарыңыз, ақыл-парасаттарыңыз бен даналықтарыңыз қоғамымыздың дамуына ерекше үлес қосып келеді.
Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке, дендеріңізге саулық тілеймін. Әрдайым балаларыңыздың қызығын көріп, құрмет пен қуанышқа бөлене беріңіздер!
Жауап қалдыру