
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ел үшін жанын қиған батырларымыздың ерлігіне тағзым етіп, тылда аянбай еңбек еткен ардагерлерімізге құрмет көрсететін қасиетті күн. Ұлы Жеңіс – халқымыздың қайсар рухы мен бірлігінің, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
Біз бүгін бейбіт аспан астында өмір сүріп, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып келеміз. Бұл – майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз ерлігінің жемісі. Олардың есімі мен еңбегі халық жадында мәңгі сақталады.
Жас ұрпақ аға буынның батырлығын үлгі етіп, елге адал қызмет етуді қасиетті парыз деп білуі тиіс.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және елімізге бейбітшілік тілеймін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1218374?lang=kk

Жауап қалдыру