Құрметті келестіктер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ел тыныштығын күзетіп, халықтың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығы жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға көрсетілер зор құрметтің күні. Отан алдындағы жауапкершілікті абыроймен атқарып жүрген сарбаздар мен офицерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалауға лайық.
Ел қорғау – ердің ісі. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі жауынгерлердің табандылығы мен тәртібі, елге деген адалдығы – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Осынау мерекеде барша ардагерлерге, әскери қызметшілерге, құқық қорғау саласының мамандарына және ел тыныштығына үлес қосып жүрген азаматтарға алғысымды білдіремін.
Әр шаңыраққа амандық, береке мен тыныштық тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің айбыны асқақ, бірлігі бекем болсын!
Құрметпен,
Келес ауданының әкімі
Жәнібек Ағыбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1218369?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді