Сарыарқа күні: Ауданда өнер мен жастық рухы тоғысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында және Сарыарқа ауданының құрылғанына 28 жыл толуына орай елордалық №1 Музыка мектебінің және Көркемсурет мектебі қатысуымен мерекелік концерт пен көрме өтті.

 

Ауданның мерейтойына арналған шарада өнер мектебінің дарынды шәкірттері сахна төрінде ән мен биден шашу шашып, көрерменге ерекше көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, жас суретшілер өздерінің таңдаулы туындыларынан арнайы көрме ұйымдастырып, ауданның көркем келбетін өз көзқарастарымен бейнеледі.

 

«Таза Қазақстан – бұл тек табиғатты аялау немесе экологиялық акция емес. Ең алдымен, сананың тазалығы, білімділік пен өнердің биігі. Біз келешек ұрпақты тек тазалыққа ғана емес, жасампаздыққа, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке тәрбиелеуіміз қажет. Бүгінгі шара жастардың бойындағы осы құндылықтардың көрінісі», – деп атап өтті, Аяулым Адешова, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының бас маманы.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1217886?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді