Шымкентте болашақ медицина мамандарына арналған «Ашық есік күні» өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық мейірбикелер күні қарсаңында «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің Шымкент қаласы бойынша филиалында медициналық колледж студенттеріне арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер мекеменің тыныс-тіршілігімен және күнделікті жұмыс барысымен жақыннан танысты. Қатысушыларға жедел медициналық көмек көрсету үдерісі іс жүзінде көрсетіліп, арнайы медициналық жабдықтардың қызметі мен мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сала мамандары жас мамандармен тәжірибелік ақпарат бөлісіп, төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек көрсетудің өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды.
Мұндай кездесулер болашақ мамандардың кәсіби қызығушылығын оятып, теориялық білімді практикамен ұштастыруға зор мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1218029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді