
Скопье, 2026 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Солтүстік Македония Премьер-министрі Кеңсе Басшысы Игорь Янушевпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың үдемелі дамуына ризашылық білдірді.
Атап айтқанда, 2025 жылы Президент Гордана Силяновска-Давкованың, сондай-ақ Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің Астанаға жұмыс сапарлары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бергені атап өтілді.
Осыған байланысты тараптар биылғы жылдың сәуір айында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясының және Скопьеде өткен Қазақстан-Македония бизнес-форумының табысты өткізілуін құптады.
Бұдан басқа, әңгіме барысында жаңадан құрылған Қазақстан-Македония іскерлік кеңесі шеңберінде өзара сауда мен инвестицияларды арттыру жолдары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-skopje/press/news/details/1218400?lang=kk

Жауап қалдыру