«Таза орта – жарқын болашақ»: Балқаш-Алакөл инспекциясы ҚазҰАУ студенттерімен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы» РММ қызметкерлері «Таза орта – жарқын болашақ» тақырыбы аясында бір қатар іс-шаралар өткізді.

Іс-шаралар барысында су ресурстарын ұтымды пайдалану, су заңнамасы талаптарын сақтау, су объектілерін қорғау және олардың ластануына жолбермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Инспекция қызметкерлері су ресурстары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, сондай-ақ су қорын тиімді басқару және сақтау мәселелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, инспекция өкілдері су саласына студенттер мен профильдік оқуорындарының түлектерін тарту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты. Жәрмеңке аясында инспекцияның қызметі, су шаруашылығы саласындағы негізгі жұмыс бағыттары, сондай-ақ жұмысқа орналасу, тәжірибеден өту және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Су саласындағы мамандықтарды насихаттауға, жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығынқалыптастыруға және су ресурстарын басқарусаласындағы кадрлық әлеуетті арттыруға ерекшек өңіл бөлінді.

Өткізілген іс-шаралар жастармен өзарабайланысты нығайтуға, кадрлық әлеуетті дамытуға және су пайдалану мен су ресурстарын қорғаумәселелерінің маңыздылығын арттыруға ықпалетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kroivr-water/press/news/details/1218211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді