ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Отырысты қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сарсенбаев ашып, жүргізді.
Жиынға қала әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол, қала әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков, қалалық мәслихат депутаттары және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібінде ⤵️
▪️ Түркістан қалалық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №38/173-VIII «2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Аталған мәселе бойынша қала әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол баяндама жасады.
Отырыс барысында депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1217489?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді