ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿 Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Төлегенов аудан тұрғындарын жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдау барысында әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы бірқатар маңызды мәселелер көтерілді.
 
✅ Атап айтқанда, жалғыз баспанасының апатты жағдайда болуына байланысты тұрғын үй кезегіне тұру, Ленгір қаласындағы коммуналдық арендалық көпқабатты тұрғын үйлердегі пәтерлерді жалға беру тәртібі, аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік ахуал, Ақмешіт демалыс аймағындағы жер мәселесі, сондай-ақ жайылым жер құжаттарын заңдастыруға қатысты сұрақтар қаралды.
 
✅ Қабылдау барысында әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, заң талаптарына сәйкес тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің оң шешімін табуы үшін жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынатыны айтылды.
 
📍 Аудан әкімдігі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын назардан тыс қалдырмай, халықпен тығыз байланыс орнату бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыра береді.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1217846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді