
Жеңіс күніне орай Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен қала әкімі Бақытжан Орынбеков соғыс ардагерлері – Шалданбай Шанбаев, Геннадий Иванов және Иван Макеевтің шаңырақтарына арнайы барып, құрмет көрсетті.
Нұржан Календеров майдангерлерге Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстап, олардың ерлігі өскелең ұрпаққа таусылмас тағылым екенін айрықша атап айтты.
Ардагерлер өз кезегінде облыс пен қала басшылығына алғыстарын жаудырып, елімізге амандық пен бейбітшілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1217993?lang=kk

Жауап қалдыру