Жыл басынан бері 280 жолаушылар пойызы тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық инспекциялары жолаушылар теміржол тасымалы саласында мемлекеттік бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырып келеді.

Биылғы жылдың 4 айында 280 жолаушылар пойызында бақылау іс-шаралары жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша Жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың 569 дерегі, билетсіз жүрген 88 жолаушы, сондай-ақ рәсімделмеген 1 308 кг жүк анықталды.

Тексеру барысында вагондардың техникалық жай-күйіне, сервистік қызмет көрсету сапасына, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін жылжымалы құрамды пайдалануға жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, 9 жолаушылар вагонын пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті жолаушылар тасымалының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы бақылау жұмыстарын жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1217584?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді