
Павлодар облысы ТЖД бөлімшелері арасында «Тігінен жарысы» ұйымдастырылды. Іс-шара өрт сөндірушілердің биік ғимараттарға толық жауынгерлік киіммен көтерілу кезіндегі дене төзімділігін, жылдамдығын, күшін және кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталды.
Жарысқа 19 команда қатысты. Мұндай сайыстар жеке құрамның көпқабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі дайындығын жетілдіруге, сондай-ақ қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын, командалық рухын және кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік береді.
Сайыс шарты бойынша қатысушылар толық жауынгерлік киім мен тыныс алу аппараттарын киіп, баспалдақ арқылы 17-қабатқа көтерілді. Тыныс алу аппараты мен өрт сөндіру жеңдерінің салмағы 30 келіден асады, оған қоса жауынгерлік киімнің салмағы тағы бар. Барлық командалар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тапсырманы сәтті орындады.
Жарыс қорытындысы бойынша:
– үшінші орынды Павлодар ауданы ТЖБ №11 өрт сөндіру бөлімі командасы;
– екінші орынды Успен ауданы ТЖБ №17 өрт сөндіру бөлімі командасы;
– бірінші орын мен кубокты Ақсу қаласы ТЖБ №10 өрт сөндіру бөлімі командасы иеленді.
Бұл жарыс Павлодар облысы ТЖД қызметкерлерінің рух мықтылығын, төзімділігін және жоғары кәсіби дайындығын айқын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1219364?lang=kk

Жауап қалдыру