2026 жылғы 12 мамырда аудан прокуратурасы мүдделі органдармен бірлесіп “Құқықтық дәріхана”акциясын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 12 мамырда аудан прокуратурасы мүдделі органдармен бірлесіп “Құқықтық дәріхана”акциясын өткізді.
Аталған акцияға жергілікті атқарушы органдар, адвокаттар, нотариустар, салық органының мамандары және басқа да құзыретті органдар қатысты.
Бұл акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.
Іс-шараның негізгі мақсаты-халықтың проблемалық мәселелерін уақтылы анықтау, заңнаманы құқықтық түсіндіру арқылы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Бұл акция апта сайын сейсенбі күні сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Новоишимское ауылының мәдениет үйінің ғимаратында өткізіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1218614?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді